Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

36 жыл бойы АҚШ-та тұрған қазақ әжей өзін іздеп келген қандастарын көріп жылап жіберді (видео)

KAZAKBOL.COM

Журналист Әмірболат Құсайынұлы және Әсия Сардарбекқызы

36 жыл бойы АҚШ-та тұратын әже өзін іздеп барған қазақтарды көргенде жылап жіберді. Отандық журналистер «Шетелдегі қазақтар» атты саяхаты кезінде АҚШ-тың Вирджиния штатында тұратын 101 жастағы әжеймен кездесіп қайтты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Тілші Әмірболат Құсайынұлының сөзінше, 91 жыл бойы елінен жырақта жүрсе де Әсия Сардарбекқызы қазақ тілін еш ұмытпаған. Тіпті, Американың азаматы болса да жүрегі қазақ деп соғып, әр дұғасына туған елінің амандығын қосып отырады екен.

Мұхиттың ар жағынан келген қандас бауырларын көргенде Әсия әже қуаныштан көз жасын тия алмай, тілшілер арқылы туған еліне дұғай-дұғай сәлем жолдаған.

Журналист Әмірболат Құсайынұлы және Әсия Сардарбекқызы

«Жүрген жерім-ау. Туған жерім-ау. Жаным елім. Құрбан болған елім-ай. Ағаларым, туыстарым айналайын. Бәрі есімде бар. Қазақстанымды көп жақы көрем. Әкем-шешем сағынып, жылап-жылап өлді. Барлық туыстарым қазақтарға сәлем сөйле.

Назарбаев, балам, дұға қылып жатырмын. Балам, сен мемлекетті жақсы қылып жатырсың. Апа сәлем айтып жатыр.

pogudx1mp5bdvihjko.9d6fe2b8
pogudx1mp5bdvihjko.9d6fe2b8

Өміріңді ұзақ қылсын. Барлық туыстарым, қазағыма сәлем айт. Елім-ау, жерім-ау. Шу ауданы жерім-ау» ,- деді Әсия Сардарбекқызы.

101 жастағы қарияның жүрек жарды сөзі мен аманатын мына видеодан көре аласыздар.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM