KAZAKBOL.COM

4 жасар бүлдіршін 150 доллар ұрламақ болған екен.

Чилидің Вальпараисо қаласында болған оқыс оқиға видеоға түсіп қалды. 4 жасар бүлдіршін банкоматтан ақша алып тұрған ер адамды тонамақ болды. Ұрлықшы оқиға орнында ұсталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru басылымына сілтеме жасап.
Хуан Альберто Ибарра жергілікті басылымдардың біріне берген сұхбатында кішкене баланың бұл әрекетіне қатты таңқалғанын айтқан. 4 жасар бүлдіршін 150 доллар ұрламақ болған екен.
«Банкоматтан ақша алған кезімде бұл бала жанымда тұрды. Кейін банкомат шығарған ақшаны менен бұрын жұлып алып, қашып кетті», — дейді Альберто.
Ұрлықшыны ер адамның өзі ұстап алған. Әзірге баланың туған әке-шешесі кім екені анықталмады. Анықталған жағдайда олар ата-ана құқығынан айырылулары мүмкін.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, здесь напишите ваш комментарий!
Пожалуйста, здесь введите ваше имя