Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

48 ГЕКТАР ОРМАН ОТАЛАДЫ, ОНЫ ҚАЛАЙЫ ӨНДІРІП, ҚАРҚ ҚЫЛМАҚШЫ?

KAZAKBOL.COM

Қалайы үшін қайың құрбан. Еліміздің солтүстігінде 48 гектар орманды отап тастап, орнына қалайы өндірмекші. Жергілікті әкімдік инвестициялық жобаның табысты боларына сенім артып, осыдан екі жыл бұрын батасын беріп қойған. Ал кен игерумен айналысып жатқан компания биыл тағы қосымша жер телімін сұрап отырған көрінеді. Сонымен, қалайы өндіріп, қаншалықты байып кетейін деп тұрмыз? Арғысын Айғаным Достанбай баяндайды.
Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

Солтүстік Қазақстанда 48 гектар орман оталайын деп жатыр. Иә, кәдімгідей, аумақтағы ағаштарды түп тамырымен кесіп, тып-типыл етпекші. Екі күннен бері белсенділердің ұлардай шулап жатқан себебі осы. Жергілікті билік аумақта қалайы өндірісі үшін осындай құрбандыққа барғалы отыр екен. «Елімізде онсыз да орман-тоғайдың қоры жыл сайын азайып жатқанда, мұндай шешім қабылдау барып тұрған қылмыстың өзі», дейді экологтар.

АЗАМАТХАН ӘМІРТАЙ, ЭКОЛОГ: «Қалай өндірісінің кешенінен кім қалтасына пайда түсіреді? Халық пайда көреме, сол белгілі бір олигархтар пайда көре ма? Сол себептен бүгінгі бар орман-тоғайдан халық пайдасын көріп отыр. Планетамыз, туған жеріміз сол оттегіден жұтып, пайдасын көріп оытрмыз. Жұрт үшін, халық үшін орман-тоғай орнында қалуы керек».

Айыртау ауданындағы «Сырымбет» кен орны Орталық Азияда қалайы өндіретін ең ауқымды жоба. Ғалымдардың зерттеуінше, мұнда шамамен 153 мың тонна қалайының қоры бар екен. Жобаны әзірлеу процесі сонау кеңес заманында басталғанымен, кен игеру жұмыстары енді-енді қолға алынып жатыр.

НҰРЖАН САДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «компаниясы кен орнынан екі есе мөлшерде орман дақылдарын отырғызу міндеттемесін алды. Яғни 97 гектар жер. Инвестиция көлемі 18 млрд теңгені құрады. Салық аударымдарының көлемі 500 млрд теңгеден астам».

Ел аумағында орманды алқаптың көлемі бар-жоғы 21,6 млн. гектар. Ал бұл Қазақстан жерінің 4,2 проценті ғана. Сондықтан да еліміз үшін әр түп ағаш алтыннан да қымбат саналады. Ал жауапты компания 48 гектар аумақ үшін небары 13,7 миллион тенге төлеп құтыла салмақшы.

АЗАМАТХАН ӘМІРТАЙ, ЭКОЛОГ: «Біз мысалғы Экологиялық Альянс «Байтақ Болашақ» қазір петиция ұйымдастырып жатырмыз. Халықтың петициясын. Біз ол орман-тоғайға тигізбейміз».

Егер жоба еш кедергісіз, табысты жүзеге асатын болса, Қазақстан әлемдегі ең ірі қалайы өндірушілердің ондығына енеді. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың екі жыл бұрын айтқан отты сөздері есімізде. Одан бөлек, өңірдің экономикасына 100 млрд теңге көлемінде рекордтық инвестиция құйылады дегені де бар. Елімізде жұмыссыздар саны бойынша, Солтүстік Қазақстан облысының көш бастап тұрғанын ескерсек, қалайыдан түскен қаражат қарашаның екі қолына бір күрек тауып берер деген сенім басым.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM