Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

600 МЫҢ ТЕҢГЕ: ШЕТЕЛДЕН ЖҰМЫС ТАУЫП БЕРЕМ

KAZAKBOL.COM

Алматыда бір топ тұрғын шетелден жұмыс тауып беремін деген алаяқтарға алданып, тақырға отырған. Корея, Литва, Швецария секілді дамыған мемлекеттерде айлығы 2 млн теңгеге жуық жұмыс бар дегендеріне сеніпті. Құжаттарын рәсімдеп, өмірлерін сақтандырып, тіпті жалған құжат жасап беремін деп ауыз толтырыпты. Ол үшін бар жоғы 600 мың теңге сұраған. Ал, ақшаны алған соң тайып тұрыпты. Қазір полиция қызметкерлері тергеуді бастапты. “Карина верните наше деньги.. из за вас наше дети страдает”. Бұл өздерін ұстатпай жүрген фирма өкілдерінің үйі. Бір топ тұрғын күндіз-түні есігін торуылдап жүр. Өйткені, уәдесінде тұрмай, ақшаларын қайтармай қойған. Индира Қыдырбаева баласының еміне қомақты қаржы іздеп, ғаламтордан жұмыс іздепті. Сөйтіп, шетелден екі қолға бір күрек тауып беремін деген фирмаға алданғанын айтады. Литва арқылы Голландияға барып тігінші болуға келіскен де. ИНДИРА ҚЫДЫРБАЕВА ЗАРДАП ШЕГУШІ: «Ақшасы 600 мың деді. Оның ішіне бәрі кіреді дед: виза, страховка, жұмыс, жеп-ішетін, жататын жер деген соң надежда болды.Біздің қатты ойымыз кеткені — әйел адамға айлығы 2 млн айлық деді». Бірақ, бір айда бітетін құжаттары он айдан бері әлі дайын емес. Ақшасы екі бастан жоқ. Осы секілді еліміз бойынша тағы 150 адам алданған. «Өзге елде сұлтан болуды» армандағандар енді полицияға арыз жазса да іс сотқа бармай жатыр деп күйінеді. Бүгін суреттерін құшақтап шығуға мәжбүр. Альфия Ғалымова Швейцарияда қайықпен жүземін деп жоспар құрғандардың бірі. АЛЬФИЯ ҒАЛЫМОВА ЗАРДАП ШЕГУШІ: «Олар 150 адамды тақырға отырғызған. Қалталарына 90 млн теңгедей ақшаны басқан соң қашып

кеткен. Бірақ, полицияға арыз жазғанымызбен тергеу болмай жатыр. Ел-жұртты алдап, бостандықта жүр». Ал, тәртіп сақшылары ел-жұртты алдап, пирамида арқылы байыған топты қолға түсірген. Оның бірі — барлық кінәні өз мойнына алып, уақытша қамақта отыр дейді. САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ «Жалпы тергеу барысында 64 қылмысқа қатысы бары дәлелденді. 31 қазан күні аудандық прокуратураның келісімімен сотқа жіберіледі. Бірнеше уақыттан кейін үкім шығарылатын болады». Ал, Қазақстан бойынша бір емес бірнеше қаланы аралап, қалтасын қампитқан басқа алаяқтар аяқасты жәбірленуші болып танылған. Алданғандарды ашындырып отырғаны да сол. Енді олар өз маңдай тер ақшаларына жетпей, тоқтамаймыз дейді.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM