Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

800-ге жуық қонақ шақырған Заттыбек Шымкентте дүркіретіп той жасады (фото)

KAZAKBOL.COM

Елімізге танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы шаңырағында қос бірдей қуанышын дүркіретіп өткізді. Әнші әкесінің 80 жас мерейтойы мен қызы Айзеренің 6 жасқа толу тілашарын бірге жасаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Заттыбек Көпбосынұлының әкесі мен қызы. Фото: Instagram

Заттыбек Көпбосынұлы Шымкент төрінде жасаған тойға 800-дей қонақ шақырған. Тойға әншінің өнердегі әріптестері мен туған-туыс, жора-жолдастары келген.

Заттыбек Көпбосынұлының шаңырағындағы тойдан. Фото: Instagram

Белгілі әншілер Ғани мен Бота Instagram желісіндегі парақшаларында әріптестеріне ақ тілектерін білдірген.

«Сәттібек қайным, (есімін атамаймын, себебі сәлем саламын). Асқар тау Әкешіңнің мерейлі 80 жасы құтты болсын! Тек қана зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілейміз. Басқасының бәрі бар ғой деп ойлаймыз. Зере қызымыз да зерек болып өсіп келе жатыр Аллаға шүкір, 6-ға толып биыл мектеп табалдырығынан аттағалы жатыр екен. «Тілашар» тойы да құтты болсын! Әлия екеуіңе бар жақсылықты тілейміз! Әрқашан да тілеулеспіз! Осы әдемі шаңырақтарыңда тек қана жақсылық, қуаныш, той болсын! Аман болыңдар! Тағы да xиттер күтеміз!»,-деп жазған ол парақшасында.

Заттыбек Көпбосынұлы шаңырағында қос қуанышын дүркіретіп өткізді. Фото: Instagram
Заттыбек Көпбосынұлының шаңырағында. Фото:Instagram

Әншінің өзі желідегі парақшасында: «Құдай берген менің байлықтарым! Әкем 80 жасқа, қызым 6-ға толды бүгін. Екеуіне бүгін той бердік. Ниеттес, тілектес болып тойға қатысқан барлық жақындарыма жаратқан ием жар болсын. Сіздердің де тәңір тілеулеріңізді берсін!»,- деп тойға келген барша қонақтарға алғысын білдірген.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM