Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

83 жастағы атақты француз актері көрермендерінің алдында көз жасын тыя алмады

KAZAKBOL.COM

Парижде француз «Оскары» аталып кеткен «Сезар» сыйлығын табыстау рәсімі өтті деп хабарлайды 1news.az сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Ең үздік фильм деп Пол Верховеннің «Ол» деген туындысы атанды. Сондай-ақ аталған картина «Ең үздік актриса» номинациясында да жеңіске жетті.

Ол — «Оскар 2017» сыйлығына да осы ролі үшін ұсынылған актриса — Изабель Юппер.

«Сезар» сыйлығын «Ең үздік режиссер» номинациясында Ксавье Долан «Бұл жай ғана ақырзаман» фильмімен жеңіп алды.

«Сезар» нұсқасы бойынша ең үздік актер Доланның фильміндегі рөлі үшін Гаспар Ульелге бұйырды.

Салтанатты жиынның ең әсерлі тұсы атақты француз киноактері Жан-Поль Бельмондоның сахнаға шығуы еді. Оған «Сезар» құрметті сыйлығы табысталды. Оған қол соққан залдың реакциясын көрген француз жұлдызы көз жасына ерік берді.

Жан-Поль Бельмондо сахнада тұрып өз анасына алғыс айтты. Оның сөзінше, анасы болмаса ол түскен фильмдерде жарық көрмейтін еді.

Аты аңызға айналған актер биыл 9 сәуірде 84-ке келеді.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM