Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

9 жасар қыз мүгедек әкесі мен қарт әжесін жалғыз өзі бағып отыр

KAZAKBOL.COM

Чунян әкесімен бірге. Фото: Daily Mail Online

Қытайдың Чунцин қаласында тұратын тоғыз жасар Ли Чунян 70 жастағы әжесі мен мүгедек әкесін жалғыз өзі бағып-қағуда. Бұл туралы NUR.KZ порталы en.people.cn сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ли Чунян 70 жастағы әжесі және мүгедек әкесімен бірге тұрады. Анасы болса, қатерлі ісіктен 2010 жылы көз жұмған. Өмір қиындықтарына мойымаған қыз бала бүгінде бүкіл елге танымал болып отыр. Себебі, Чунян әкесі мен әжесінің еңсесін түсірмеу үшін қашан да күлімсіреп жүреді екен. Қыз баланың өмірге деген ерекше құштарлығына әлем жұртшылығы таң қалуда.

Әкесі отбасын асырау үшін 2012 жылы құрылыста жұмыс істейді. Сол жерде ауыр жарақат алған ер адам ақыры арбаға таңылған. Отбасы ай сайын мемлекет төлейтін кішігірім жәрдемақыға күн көруде.

Қыз бала азын-аулақ азықты алдымен әкесі мен әжесіне жегізіп, содан кейін ғана өзі ауыз тиетін көрінеді. Қыздың отбасына деген ыстық қарым-қатынасының куәсі болған көршілері еріксіз көздеріне жас алатынын жасырмайды.

Чунян мемлекеттен келіп жатқан азын-аулақ көмектің өзіне шексіз алғысын білдіріп отыр. Ол барынша білім алып, болашақта еліне деген қарыздары еселеп қайтарудан үмітті.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM