Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

ЗАҢСЫЗ САЛЫҚ АЛЫП КЕЛГЕН

KAZAKBOL.COM

Онсызда мүмкіндігі шектеуі жандардың үстінен де пайда көргісі келетіндер бар екен. Салық органдары мүгедектердің көмекшілерінен табыс салығын заңсыз алып келген. Бас қаладағы мүмкіндігі шектеулі жандар,  Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  Ұлттық бюроның  жиынында осындай мәлімдеме жасады. Оларға сенсек, заңға қайшы әрекеттерге барған  салық органы өз пайдасына 30 миллионнан артық сома өндіріпті. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Астаналық мүгедектер салық органдарының қызметіне шағымданды. Оларға сенсек, мамандар жылдар бойы заңсыз түрде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолғабыс ететін көмекшілерден табыс салығын алып келген. Жиналған қаржыны қайтару туралы қаулы баяғыда шықса да, бас қаладағы мамандар мәселені шешіп берер түрі жоқ, дейді.

МАЙРА ТҰҚЫБАЕВА, «ҚАЗАҚ СОҚЫРЛАР ҚОҒАМЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ «АСТАНА» КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫНЫҢ МҮШЕСІ:
«Баяндамада салық органы біздің көмекшілерімізге жеке табыс салығын қайтарды деген ақпарат айтылды. Алматы, Қарағанды, Қостанай, Атырау, Орал сынды қалаларда шынымен де қайтарды. Бірақ, біздің қалада емес. Салық органдары еш жауап бермей отыр».

Елордада мүгедектердің жеке көмекшілер саны 400-ден асады. Оларға бас қалада жауапты жалғыз ғана қоғамдық бірлестік бар. Оның  басшысына сенсек, жылдар бойы салықтан қордаланған қаржы 30 миллион теңгеден асады.

ОМАР БАЙМАҚАШЕВ, «ҚАЗАҚ СОҚЫРЛАР ҚОҒАМЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ «АСТАНА» КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
«Біз 2014 бері санап едік, 35 миллион теңге шықты. Нақты соманы айта алмаймын. Өйткені әр жыл сайын көмекшілер саны артып келеді. Биылдың 460 маман бар».

Басқосуда 15 жыл бойы бірінші топтағы мүгедек Қарлығаш Жылқайдарова да шағымын айтты. 37 жастағы азаматша айына тек 57 мың теңге жәрдемақыға күн көреді. Әрине, бұл ақша көпке жетпейді, дейді, ол. Еңбек биржасы да еш көмек бермей келеді.

ҚАРЛЫҒАШ ЖЫЛҚАЙДАРОВА, «ҚАЗАҚ СОҚЫРЛАР ҚОҒАМЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ «АСТАНА» КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫНЫҢ МҮШЕСІ:
«Оларға бір ай бұрын бардым. Олар маған отказ берді. Сіздің жұмысқа қабілетіңіз жоқ, инвалидность 1-ші группа деді. Маған барып, справка алып келіңіз деді. Мінеки, содан не курстарға бара алмаймын. Кірейін десем, оған бәрібір өзім квартира снимать етем. Ондай курстарға төлейтін қабілетім жоқ».

Мүгедектер өзге де айтарлықтай мәселелер бар екендігін жасырмайды. Жалпы, бүгінде елордада 26 мың мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Оның 5 мыңнан астамы бала.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM