Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Оралмандарды «монша көрмеген» деп сынаған бойжеткен көпшіліктің ашуына тиді

KAZAKBOL.COM

Дәлірек айтқанда, Бағлан Божбанова есімді желі қолданушысы оралмандарды Қазақстанға келіп көзі ашылды деп жазған. Оның пайымынша, оралмандар елге квота алу үшін ғана келіп жатыр.

Оралмандарды нағыз жалқау, білімсіз деп жазған желі қолданушысы заң алдында жауап беруі мүмкін. Гала Бақтыбаева есімді қарағандылық ару өзінің facebook парақшасында оралмандарға тіл тигізген желі қолданушысын сотқа беретінін жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

«Оралмандар нағыз жалқаулардың өзі. Өйткені ол жақта да не білім алмаған. Не жұмыс істемеген. Мал мал деп мал қуып көшіп қонып жүре берген далада. Жегендері тек ет. Ал осы жерге келгендері дайын ақша көздегендері. Квотаны алып жаман үйреніп қалды. Көбі жұмыссыздардың қатарын көбейтуде. Не тілімізді түсінбейді ЦОНдағылардың миын ашытып, Қазақстанға келіп көздері ашылуда, монша, мәдениет, режим, оқу, сабақ, өркениет дегеннен жұрдай. Әсіресе, Қытайдан, Қарақалпақстаннан, Моңғолиядан келіп жатқандар. Қытайдың қыспағына шыдамай келіп жатыр, басқа не? Кезінде біздің елдің қиыншылығынан қашты бытырап, малын алдарына салып айдап», — деп жазған Бағлан Божбанова.

Пікірді байқап қалған Гала Бақтыбаева есімді қарағандылық бойжеткен бұны осымен қалдырмаймын деп отыр. Ол намысына тиген пікір авторын сотқа дейін апармақ.

«Әййй сіңілім, Оралманмен ойнама!

Тарихты егер білмесең!

Бостан босқа сайрама!

Өзім сені сотқа беріп!

Заң алдында жүздесем!

Оралманға қарсы болғаның өзіңнің туған бауырыңа қарсы болғаның, бұл сөзіңмен жүрегіңмен пейіліңнің тарлығын көрсеттің. Елбасы шақырды, келдік квотаны алдық, сенен нан сұрап келген жоқпыз. Сіңілім менің намысыма қатты тидің. Мен Қарағандылықпын, арнайы Алматы барамын сен үшін. Заң алдында сотта кездескенше», — дейді Гала Бақтыбаева.

Артынша ол пікір иесін сотқа берудегі мақсатын түсіндірді. Желідегі парақшасынан белгілі болғандай, Гала Бақтыбаеваның көздегені пікір авторынан халық алдында кешірім сұрауды талап ету.

Оралмандарды қаралаған пікір желіде басқа да қолданушылардың ашуына тиіп жатыр.

Nur.kz

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM