Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ақбұлақта бес адамды өлтірді деген күдікті екі айға қамауға алынды


Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Ақбұлақтағы атыс бойынша күдікті деп танылған Игорь Дужновты екі айға қамау туралы шешім шығарды.

Сотта онлай-режимде сөйлеген Дужнов болған оқиғаға «өкінетінін» білдірген. Ол «аффекті жағдайында» қылмысқа барғанын және «заңсыздық пен сот әділетсіздігі» оны осы жағдайға жеткізгенін айтқан.

Informburo сайтының жазуынша, Игорь Дужнов пен адвокаттары сотты жабық өткізуді сұраған. Олар мұны күдікті мен оның отбасының қауіпсіздігімен байланыстырған.

Судья Жанәбіл Ақынов сотты жабық өткізу туралы өтінішті қанағаттандырмаған (Бірақ кейін судьяның журналистерге сотты бақылауға рұқсат бергенмен прокурордан рұқсат сұрауды міндеттегені хабарланды). Бұдан соң адвокат судьяны ауыстыру туралы өтініш түсірген.

«Не себепті осындай шешім қабылдағаныңызды түсінбеймін. Менің ойымша, сіз істің қаралуына тікелей, жанама түрде мүдделісіз. Осыған орай сізге қарсылық білдіремін» деді адвокат.

Судья Жанәбіл Ақынов адвокаттан өтінішті жазбаша беруді сұраған. Бұдан соң сот отырысы тоқтаған.

Игорь Дужновтың адвокаты Дамир Хасанов Informburo сайтына «іс бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметіне берілді, істі солар тергейді. Қазір Дужнов тергеу изоляторында, шағымдары жоқ» деп айтқан.

Ашық дереккөздеріне қарағанда, 20 қыркүйекте Алматы түбіндегі Ақбұлақ ықшамауданында Игорь Дужнов үйден шығару туралы сот шешімін орындатуға келген сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторлары мен төтенше жағдай департаменті қызметкерлеріне оқ атқан. Атыстан бес адам — екі полиция қызметкері, бір сот орындаушы және үйдің жаңа иесі мен оның досы қаза болған. Оқиғаға байланысты «Адам өлтіру» және «Билік өкіліне күш қолдану» бабы бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.

Қылмыстық кодексте «Адам өлтіру» бабы бойынша 15-20 жыл немесе өмірлік түрме жазасы қарастырылған.

Дужновтың әйелі 22 қыркүйекте журналистерге «Банк Центр кредит» бес баласымен тұрып жатқан үйін бастапқы құнынан бес есеге төмендетіп сатып жібергенін айтқан. Ал оқиғадан кейін мәлімдеме таратқан банк отбасыны үйінен күштеп шығару туралы шешімге қатысы жоғын, даудың екі азамат арасында туындағанын айтқан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM