Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров кездесті

KAZAKBOL.COM

2 наурызда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді. Нұр-Сұлтан әуежайында оны Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, энергетика министрі Нұрлан Ноғаев және Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қарсы алды.

Ақорданың хабарлауынша, екі мемлекет басшыларының кездесуі кезінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Садыр Жапаровтың президент ретінде алғашқы мемлекеттік сапарын Қазақстаннан бастағанының маңызы зор екенін атап өткен». Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты өзіне ыңғайлы уақытта Қырғызстанға сапармен келуге шақырған.

«Кездесу барысында Қазақстан мен Қырғызстан президенттері екіжақты стратегиялық серіктестіктің ауқымды мәселелері, атап айтқанда, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, су-энергетикалық, коронавирус індетіне қарсы бірлескен шаралар, мәдени-гуманитарлық бағыттар, сондай-ақ, Еуразиялық интеграция және көпжақты құрылымдар аясындағы байланыстарды талқылады» деп жазды Ақорда.

Қырғызстан президентінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, екі ел басшылары ортақ мәлімдеме қабылдап, екі ел үкіметтері арасында әскери-техникалық көмек көрсету, электр энергиясы және өзге мәселелер бойынша екіжақты қарым-қатынасты тереңдетуге бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылған.

Екі күнге созылатын сапар аясында Жапаров бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаев, мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллин, премьер-министр Асқар Маминмен, қазақстандық кәсіпкерлермен кездеседі деп айтылады.

Сапар алдында берген сұхбатында Жапаров «Қазақстан мен Қырғызстан арасында шешілмеген мәселе жоқ» деп айтқан. Бірақ сарапшылар екі ел арасында сөзден іске көшуді талап ететін мәселе өте көп деп санайды.

Қырғызстанда былтыр қазан айында билік ауысқалы бері екі ел басшыларының жоғары деңгейдегі кездесуі алғаш рет өтіп отыр. Сол кезде Қазақстан көрші елдегі оқиғаға алаңдаушылық білдіріп, Нұр-Сұлтан Бішкекті қазақ инвесторларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырған.

Қаңтар айында Қырғызстанда президент сайлауы өткеннен кейін бір күннен соң Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапаровты жеңісімен құттықтап, Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырған. Тоқаевтың баспасөз қызметі Жапаровтың шақыруды қабылдағанын, оның президент ретінде алғашқы сапарын Қазақстаннан бастайтынын хабарлаған. Алайда кейін Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі Садыр Жапаровтың алғашқы шетелге сапарын Ресейден бастайтынын айтқан.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM