Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ қарулы күштерінің Тәжікстандағы жаттығуына Қазақстан да қатысып жатыр

KAZAKBOL.COM

10 тамызда Тәжікстанда АҚШ қарулы күштерінің орталық басқармасы ұйымдастырған әскери жаттығу басталды. Бұл жөнінде АҚШ-тың Тәжікстандағы елшілігі хабарлады.

АҚШ-тың Тәжікстандағы елшісі Джон Марк Поммершайм 20 тамызға дейін жалғасатын «Аймақ ынтымақтастығы – 2022» әскери жаттығуына қатысушыларды жылы қарсы алды. Оның айтуынша, бұл АҚШ-тың Орталық Азия және Оңтүстік Азия елдерімен бірігіп өткізіп жатқан ең ірі жаттығуларының бірі. Бұл «аймақтағы әріптестерімізбен қарым-қатынасты нығайтуға бірегей мүмкіндік береді» деді ол.

Елшіліктің хабарлауынша, жыл сайын өтетін жаттығу аймақта тұрақтылықты қамтамасыз етуге, терроризммен күресуге, сонымен бірге мемлекеттер арасында ынтымақтастықты арттыруға ықпал етеді.

Елшіліктің мәліметінше, АҚШ, Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан және Моңғолия елдерінен келген әскери қызметкерлер алты күн жаттығады. Тәжікстан мен АҚШ Фахрабад оқу орталығында бес күндік дала жаттығуын өткізеді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM