Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ Ауғанстаннан әскерін әкетіп болғанын хабарлады


Америка әскері өз күштерін Ауғанстаннан әкетіп болды. Бұл ақпаратты дүйсенбі күні АҚШ Қорғаныс министрлігі Орталық қолбасшылығының жетекшісі, генерал — майор Кеннет Маккензи жариялады.

АҚШ азаматтық авиациясының федералды басқармасы да Кабулдың Хамид Карзай атындағы халықаралық әуежайы мұнан былай әуе қозғалысын бақылайтын қызметтерге қарамайтынын хабарлады. Бұл ведомство экипаждарды мейлінше сақ болуға шақырды. Тамыз айында АҚШ әскері эвакуация қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Кабул әуежайындағы ұшақ қозғалыстарына жауапкершілікті мойындарына алған еді.

АҚШ президенті Джо Байден Ауғанстанда Батыстағы одақтастарымен бірге 20 жыл әскери операция жүргізген АҚШ әскерін 31 тамызға дейін толық алып кететінін мәлімдеген болатын.

Бұған дейін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ауғанстан билігіне келген «Талибан» қозғалысына үндеу жасап, шетел азаматтары мен Ауғанстаннан кеткісі келетін ауған азаматтарына кедергі келтірмейміз деген уәдесінде тұруға шақырған.

«Бұл құжатқа Қауіпсіздік кеңесінің 15 мүшесінің 13-і дауыс дауыс беріп, Қытай мен Ресей қалыс қалды» деп хабарлайды France-Presse.

Резолюцияда Франция президенті Эммануель Макрон айтқан «қауіпсіз аймақ» туралы сөз болмаған. Бұған дейін Journal du Dimanche Макронның «Париж бен Лондон гуманитарлық операцияларды жалғастыру үшін Кабул қаласында БҰҰ бақылауында болатын қауіпсіз аймақ құруды ұсынады» дейтін сөзін жариялаған.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Доминик Рааб дүйсенбіде АҚШ Мемлекеттік департаменті ұйымдастырған кездесуде «тәліптер басшылығын ісіне қарай, яғни кедергісіз кетуге мүмкіндік бере ме, жоқ па деген мәселе бойынша бағалау керек» деді. Рааб Кабулдан эвакуациялаумен шұғылданып келе жатқан барлық мемлекеттерді тәліптерден қауіпсіздікті бірлесе талап ету қажет деп санайды.

Мемлекеттік департамент ұйымдастыруымен Канада, Франция, Германия, Италия, Жапония, Катар секілді елдердің Сыртқы істер министрлері қатысқан кездесуде Ауғанстан мәселесіне байланысты әрі қарай қандай қадам жасау қажеттігін талқылады.

30 тамыз күні Пентагон өкілі шілденің соңынан бері Кабулдан ұшақ арқылы 122 мың адам әкетілгенін хабарлады. Оның көбі 15 тамызда тәліптер Кабул мен өзге де ірі қалаларды алғаннан кейін Ауғанстаннан кетуге мәжбүр болғандар.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM