Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ COVID-19 вирусының шығуына байланысты барлау қызметінің мәліметтерін жариялайды

KAZAKBOL.COM

АҚШ президенті Джо Байден барлау қызметінің COVID-19 вирусының шығуына байланысты жинаған мәліметтерін ашық жариялау туралы жарлыққа қол қойды.

«Біз COVID-19-дың шығуы, оның ішінде коронавирустың Ухань қаласындағы вирусология институтымен байланыс мүмкіндігін анықтауымыз керек. COVID-19 бойынша жиналған мәліметті жариялау бойынша Конгресстің ұстанымын қолдаймын. Бірақ мәліметтердің бәрі толық жарияланбайды, себебі ұлттық қауіпсіздікке зиян әкелуі мүмкін», — деді Байден.

Наурыздың басында АҚШ-тың Федералдық зерттеу бюросының (ФБР) директоры Кристофер Рэй Fox News телеканалына берген баяндамасында COVID-19 қытай зертханасынан тараған деген болжамға көбірек сеніп жатқанын мәлімдеген.

Осыған дейін вирустың пайда болуын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДССУ) да зерттеген. Бірақ Қытайдан мәліметті жинау қиындығына байланысты зерттеуді тоқтатқан.

Коронавирус 2019 жылдың соңында Қытайдың Ухань қаласында анықталған. 2020 жылдың 11 наурызында ДДСҰ оны пандемия деп жариялаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM