Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ дүние жүзіндегі журналистерді қорғауға уәде берді


АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен үш жыл бұрын Сауд Арабиясының Стамбұлдағы консулдығының ғимаратында өлтірілген журналист Жамал Хашоггиді еске алу мәлімдемесін жариялады. Бұл туралы «Америка дауысы» хабарлады.

«Құрама Штаттар әлемдегі барлық азаматтардың жазадан не зиян шегуден қорықпастан өзінің құқығын қорғауға мүмкіндігі болуы керек деген ұстанымды қорғайды», — деп жазылған мәлімдемеде.

Биыл ақпанда Конгресске Хашоггидің өлімі бойынша тергеу материалдары жіберілгеннен кейін АҚШ мұндай оқиғалардың алдын алуы үшін қадамдар жасай бастаған.

«Біз үкіметтердің өлке сыртында қудаланып жүрген журналистерге, белсенділерге және диссиденттерге қол сұқпауын болдырмас үшін үйлестіру жұмысын бастадық. Бұдан бөлек біз Хашогги деп аталатын бағдарлама әзірлеп шықтық. Оған сәйкес журналистерді қуғындауға себепкер болған азаматтарға АҚШ-қа виза беруге шектеу қойылады»,- деп мәлімдеді Блинкен.

Осыған дейін Мемлекеттік департамент өлке сыртындағы диссиденттерді қуғындауға, оның ішінде Хашогги өліміне қатысы бар Сауд Арабиясының 76 азаматына виза беруге шектеу енгізді.

«Президент Байден өлкенің сыртқы саясатында адам құқықтары басты орында тұратынын ашық айтты… Адам құқықтарын қорғау — Американың ұлттық мүддесі және бұл біздің ұлттық қауіпсіздігіміздің басты белгісі. Құрама Штаттар журналистер, белсенділер және диссиденттер қайда болмасын өз қызметін қауіпсіз жағдайда атқаруы үшін барлық мүмкін шараларды қолданады», — деп атап өтті Блинкен.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM