Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ пен Еуропа Украинаға қосымша әскери көмек пакетін жариялады

KAZAKBOL.COM

АҚШ жұмаға қараған түні Украинаға 2,5 млрд доллар көлемінде жаңа әскери көмек пакеті бөлінетінін жариялады.

Оған жүздеген бронетранспорттар мен шабуыл жасайтын көліктер, әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары және басқа да қару-жарақ түрлері кіреді делінген Пентагонның баспасөз хабарламасында.

Бұл жолы Украина NASAMS зенит-зымыран кешендерін, сегіз «Авенджер» зенит-зымыран кешенін, 59 «Брэдли» шабуылдаушы көлігін, 20 минаны залалсыздандыратын құрылғысымен бірге 90 «Страйкер» бронетранспорты, минадан қорғайтын 53 бронетранспортеры және 350 көп саласалы әскери көлік құралы беріледі.

Пакетте сонымен бірге HIMARS және ЗРК NASAMS зымыран жүйелері, HARM зымыраны, артиллериялық снарядтар және басқа да қару-жарақтар бар.

Жаңа жылдан бері АҚШ Украинаға үш млрд доллардың әскери көмегін көрсетті.

2022 жылдың 24 ақпанында Ресей Украинаға басып кіргелі бері АҚШ Киевке жалпы 27 млрд доллардың әскери көмегін берді.

Кеше Балтық, Ұлыбритания, Польша, Дания, Чехия, Нидерланд және Словакия елдері Украинаға әскери көмек көрсету жөнінде келісімге келді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM