Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ пен Ресей Орталық Азиядағы ресейлік базаларды пайдалану мәселесін талқылады


АҚШ қорғаныс министрлігінің жоғары лауазым өкілі генерал Марк Милли мен Ресей Қарулы күштері Бас штабының басшысы Валерий Герасимов ресейлік әскери базаларды бірге пайдалану мәселесін талқылады.

Бұл туралы Wall Street Journal америкалық бір шенеунікке сілтеме жасап жазды. Жоғары лауазым иелерінің келіссөзі 22 қыркүйекте Хельсинкиде өткен. Мәскеу мен Вашингтон бұл мәселеге қатысты мәлімдеме жасаудан бас тартты.

«Коммерсантъ» газетінің хабарлауынша, Владимир Путин АҚШ президенті Джо Байденмен биыл маусым айында Женевада кездескен уақытта ресейлік әскери базаларды Ауғанстанда туындаған террористік қауіпке қарсы әрекет етуге пайдалануды ұсынған. Wall Street Journal газетінің хабарлауынша, саммиттен соң АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің қызметкерлері Миллиді осы ұсынысты нақтылауға жіберген.

Ақ үй өкілінің Wall Street Journal газетіне хабарлауынша, АҚШ Мәскеуден өз әскерін Ауғанстанға жақын әскери базаларға орналастыруға рұқсат сұрамаған. Дегенмен Вашингтон осы мәселе бойынша Путиннің ұстанымын түсінгісі келеді, деген дереккөз.

Америкалық ақпарат құралдары АҚШ әскерін Ауғанстаннан шығарып алған соң Вашингтон жауынгерлерін Тәжікстан мен Өзбекстанға орналастыру мүмкіндігін қарастырып жатыр деп жазды. «Коммерсантъ» дереккөзінің мәліметінше, Женевада Путин Байденге Тәжікстан мен Қырғызстандағы ресейлік базаларды бірге пайдалану туралы ұсыныс жасаған.

АҚШ Ауғанстаннан әскерін шағарып жатқан уақытта, биыл тамызда «Талибан» Кабулға ұрыссыз кіріп, үкімет жасақтай бастады. Ауғанстанға көрші елдер тәліптер билікке келген соң аймақта террористік қауіп күшейіп барады деп алаңдайды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM