Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ сенаторлары Әлішер Усмановқа санкция салуды ұсынды


АҚШ-тың Хельсинки комиссиясы Джо Байден әкімшілігіне қамауда отырған ресейлік саясаткер Алексей Навальныйды қолдайтын белсенді әрекеттерге көшуді ұсынды.

Комиссия мәлімдемесінде Ресей президенті Владимир Путин айналасындағы ірі кәсіпкерлерге қарсы санкция енгізу керектігі айтылған.

«Енді ол Ресей түрмесіне қайтадан түскен соң, біз Навальныйдың президент Путинге ең жақын адамдарға, соның ішінде Роман Абрамович, Әлішер Усманов, Игорь Шувалов және Николай Токарев сынды танымал олигархтарға санкция салу туралы ұсынысын қарауымыз керек», — деді сенатор Уикер.

Алексей Навальныйдың жемқорлыққа қарсы күреске арналған зерттеуінде осы олигархтардың есімі аталды. Саясаткер оларды санкция тізіміне қосуды ұсынған. АҚШ Навальныйды қудалауға қатысы бар жоғары лауазымды бірнеше тұлғаға санкция салған, бірақ олардың арасында кәсіпкерлер жоқ.

АҚШ президенті Джо Байден Ресей билігінен саясаткер Навальныйды босатуды талап етіп отыр.

Колонияда отырған Навальный үш апта аштық жариялады. Өткен аптада оған сырттан дәрігер жіберген соң ол наразылық акциясын тоқтатты.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM