Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ терактінің алдын алу үшін Кабулға әуеден соққы жасады


Кабулде жексенбі күні әуежай маңында күндіз үлкен жарылыс болды. Бұл «Ислам мемлекеті» террористік ұйымына тиесілі жарылғыш зат қойылған көлікке зымыранмен соққы берудің нәтижесінде болды деп хабарлады америкалық қолбасшылық.

Америка әскерінің хабарлауынша, ИМ өкілдері жарылғыш затты Кабул әуежайына теракті жасау үшін дайындаған. 25 тамызда әуежай маңында жарылыс болып, 200-ге жуық адам қайтыс болған. Оның ішінде 13 америкалық әскер бар.

Бірқатар ауған басылымдарының хабарлауынша, зымыран оғы тұрғын үйге түскен, зардап шеккендер бар.

АҚШ билігі Кабулдегі жарылысқа қарсы жауап береміз деп мәлімдеген. 25 тамызда болған жарылысты ИМ мойнына алған. 28 тамызда Америка әскері дронмен Ауғанстан нысандарына соққы жасаған. Таяуда АҚШ президенті Джо Байден ауған астанасында тағы жарылыстар болу қаупі бар екенін ескерткен.

АҚШ әскері Ауғанстаннан эвакуация операциясын толық аяқтап жатыр. Британия, Германия, Франция да азаматтарын толық шығарып алды. 31 тамызда Америка әскері Ауғанстаннан түпкілікті кетеді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM