Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ақтөбеде «алты мектепке бомба қойылғаны» жайлы хабарлама жалған болып шықты


1 қыркүйек күні Ақтөбе қаласындағы алты мектепте алғашқы қоңырау соғылмады. Салтанатты жиынның тоқтауына бұл мектептерге «жарылғыш зат қойылды» деген хабарлама себеп болды.

Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырханның сөзінше, жарылғыш зат туралы хабарлама Ақтөбедегі №2 мектептің электронды поштасына таңғы сағат 8 жарымда түскен.

— Бомба қойылды делінген алты мектеп толық тексерілді. Ақпарат жалған болып шықты. Биыл бірінші сыныпқа барған мыңнан астам бала салтанатты жиынға қатыса алмады, — дейді Жолдас Батырхан.

Ақтөбедегі №2 мектептің электронды поштасына түскен хабарламада №1, №21, №22, №51, №56 мектеп те аталған. Таңғы сегіз жарымда бұл мектептердің жоғарғы сыныбында тәрбие сағаты өтіп жатқан. Полиция дереу оқиға орнынан мұғалімдер мен оқушыларды эвакуациялаған. Күдікті іздестіріліп жатыр

«Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабымен (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) сотқа дейінгі тергеу басталды» деп хабарлайды Ақтөбе полициясының баспасөз қызметі.

Ресми дерек бойынша, Қазақстанда биыл 1-сыныпқа 3,6 миллион бала барды, оның 18 мыңы Ақтөбе облысында. Биыл ел мектептерінде оқу дәстүрлі форматта өтеді. Қазақстанда оқушылар мен студенттердің басым бөлігі пандемияға байланысты бір жарым жылдай онлайн оқыды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM