Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ақтөбелік батальондық-тактикалық топ шартты турде қаруланған заңсыз топтын көзін жойды (фото)

KAZAKBOL.COM

Ақтөбе облысында рейдтік-іздестіру әрекеттерін пысықтау мен заңсыз қаруланған топтың көзін жою бойынша батальондық-тактикалық топтың тактикалық оқу-жаттығулары өтті.

 

Тактикалық оқу-жаттығудың алдында 30238 әскери бөлімінің батальондық-тактикалық тобы жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейіне келтіріліп, оқу-жаттығу орнына марш жасады. Оқу-жаттығуларға 400-ден астам әскери қызметшілер мен 50-ге жуық әскери техника жұмылдырылды.

Оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілер шартты аумақты оқшаулау және қарсыласты ығыстыру бойынша рейдтік-іздестіру бойынша іс-қимылдарды орындап, заңсыз қаруланған жасақты оқшаулады.

Жаттығу барысында басты зейін жеке құрамның тактикалық әрекеттері мен ұрыс барысындағы қаруды дұрыс қолдана білуіне, бқлімше таысының басқарылуына бөлінді.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Жеңіс Мараловтың айтуы бойынша, тактикалық оқу-жаттығудың басты мақсаты батальондық тактикалық топтардың жауынгерлік үйлесімділігін жетілдіру және стратегиялық объектілерді қорғау мен колонналарды ілестіру бойынша іс-қимылдарды пысықтау, сонымен қоса қалады ұрыс элементтері, аймақтағы іздестіру жұмыстары мен оқшаулау әрекеттерін жетілдіру болып табылады.

Оқу-жаттығудың қортындысы бойынша 1 мотоатқыштар ротасының командирі аға лейтенант Мирас Нұрғалиев көзге түсті. Ол бағынышты жеке құрамды сенімді басқара білсе, сарбаздары тактикалық даярлықтың жоғары деңгейімен ерекшеленді.

Батальондық — тактикалық топ – бұл жауынгерлік және оқу тапсырмаларды орындау мақсатында құрылатын Құрлық әскерлерінің уақытша жасағы. Тактикалық топтың негізін мотоатқыштар, танкішілер, әуе-десантшылар мен барлау бөлімшелері құрайды. Оларға қосымша күш ретінде Қарулы Күштердің басқа да бөлімшелері кіруі мүмкін.  

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасының

баспасөз қызметі

капитан Рустем  Игисинов

Байланыс: +7-777-641-11-72

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM