Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ақ үй Сәуле Омарова кандидатурасын сенатқа мақұлдауға жіберді

KAZAKBOL.COM

Ақ үй сейсенбі күні АҚШ валюта басқармасының жетекшілігіне Сәуле Омарованы тағайындауды ұсынып, сенатқа ұсыныс жолдады. Бұл жөнінде 2 қарашада Ақ үй хабарлады.

Егер оның кандидатурасы мақұлданса, ол АҚШ-тағы мыңнан астам банктердің қызметін реттейтін 3,5 мың қызметкері бар басқармаға жетекшілік етеді. Ол сонымен бірге басқарманың 158 жылдық тарихында басшы қызметіне тағайындалған тұңғыш әйел және алғашқы азиат болмақ.

55 жастағы Сәуле Омарованың АҚШ валюта басқармасының жетекшісіне бас үміткер екені тамыздың басында-ақ белгілі болған. Қыркүйекте АҚШ президенті Джо Байден оны Қаржы министрлігі құрамындағы Валюта басқармасының жетекшісі қызметіне ұсынуға ниетті екенін білдірген кезде АҚШ қоғамында қызу талқы туған. Банктер мен республикашылдар Омарованың идеяларын тым радикал санап, оған қатты қарсылық танытқан.

АҚШ-та валюта басқармасының жетекшілігіне кандидатты президент ұсынғанмен сенат мақұлдайды. Сәуле Омарова кандидатурасы бекітілуі үшін сенаттағы демократтар бірауыздан оны қолдауы тиіс.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM