Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ақпарат министрі журналистерді марапаттау «дұрыс» деп есептейді

KAZAKBOL.COM

Ақпарат және қоғамды дамыту министрі Асқар Омаров Азаттық қойған «журналистерді марапаттау ақпараттың шынайылығына әсер етпейді ме» деген сұраққа жауап берді.

— Сыйлықты дәрігерлер де, полиция өкілдері де алады. Журналистика — бұл мамандық. Егер біздің журналистерімізді бағаласа, әрине оларды құттықтайды, марапаттайды. Біздің медиасала соңғы кезде жақсы дамып жатыр, жақсы нәтижелер көрсетіп жатыр, жақсы журналистер де пайда болды. Оларды неге марапаттап, құттықтамасқа?, — деді Асқар Омаров.

Азаттықтың «шенеуніктерден сыйлық алған журналистер шынайы әрі тәуелсіз бола алады ма» деген сұрағына «ондай сауалнама жүргізбегенін» айтты.

— Бірақ болады деп ойлаймын. Бәрі де марапат алады. Мысалы, кеше «БЕСсимптомно» (5Media) телеграм-каналының авторы Серікжан Мәулетбай сенаттың сыйлығын алды. Ол шынайы ақпарат беретін тәуелсіз журналист ғой,- деді министр.

Ақпарат министрі үкімет үйі дәлізінде мемлекеттік БАҚ-ты қолдау үшін 50 млрд теңге бөлінетінін жеткізді.

Өткен аптада Қазақстанда мемлекеттік ақпараттық саясатқа 300 млрд теңге бөлінетіні жайлы айтылған.

Қазақстан «Шекарасыз тілшілер» құратын жыл сайынғы «Сөз бостандығы индексінің» көрсеткіші бойынша 180 елдің ішінде 122-орында.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM