Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Ақпарат және қоғамдық даму министрі елде журналистер қудаланбайтынын айтты

KAZAKBOL.COM

18 наурызда журналистердің сұрақтарына жауап берген ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров елде журналистер қудаланбайтынын және оларға «шетел агенті» деген «ресми статус» берілмейтінін жеткізді. Бұл жөнінде жергілікті ақпарат агенттіктері жазды.

«Бізде журналистер мен БАҚ қудалауға ұшырамайды деп ойлаймын» деді шеттен қаржыландырылатын ақпарат құралдары туралы сұрақтарға жауап берген министр.

Көрші Ресейдегідей жекелеген ақпарат құралдары «шетел агенті» ретінде танылмай ма деген сұраққа министр «біздің жолымыз бөлек» деді.

«Біздің жолымыз – ақпарат құралдарын тиімді дамыту, бәсекеге қабілетті ету және оларға оқырман сұранысын арттыру» деді ол.

Омаров сонымен бірге отандық БАҚ контентіне қарай отырып, елде «баспасөз еркіндігі бар» деп тұжырым жасауға болатынын айтты.

Осы апта ортасында халыққа жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев «мемлекет, қоғам мүддесі мен медиа саласындағы даму тенденцияларды ескере отырып» БАҚ туралы заңды қайта қарау қажеттігін айтқан. Оның айтуынша, БАҚ өте өзекті мәселелерді қозғауы тиіс, бірақ «саяси кландардың жасырын күресіне қатысып, жасырын қаламақы немесе тапсырыс үшін» емес, мәселеге «өте үлкен азаматтық жауапкершілікпен» қарауы тиіс. Бірақ ол кімдерді меңзегенін айтпады. Кейбір сарапшылар Тоқаев мәлімдемесінен кейін мемлекет медиа кеңістігіне бақылауды күшейтеді деп болжаған.

Премьер-министр Әлихан Смайылов жұма күні ақпарат министрлігіне БАҚ туралы заңнамаға енетін өзгерістерді журналистер және сарапшылармен талқылауды тапсырған.

Тәуелсіз баспасөз қорғау ұйымдарының айтуынша, Қазақстанда журналистер жиі қысымға ұшырап, кәсіби қызметін атқару кезінде кедергіге тап болады. Қаңтар оқиғасы кезінде елде бірқатар жаңалықтар сайты ашылмай қалды. Журналистер кәсіби қызметін атқару кезінде ұсталып, кейбірінің үстінен іс қозғалып, тергелді.

“Шекарасыз тілшілер» ұйымының Дүниежүзілік сөз бостандығы рейтингінде Қазақстан 180 елдің арасында 155-орында тұр және «сөз бостандығы ахуалы қиын» елдер қатарында.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM