Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ елшісі: Тәжікстандағы тікұшақтар тәліптерге берілмейді

KAZAKBOL.COM

Тәжікстандағы АҚШ елшісі Джон Марк Поммершайм Ауғанстаннан Тәжікстанға ауған ұшқыштары ұшып келген тікұшақтың тағдыры жайлы Вашингтон Душанбемен келіссөз жүргізіп жатыр деп мәлімдеді.

Тәліптер Ауғанстан билігіне келгеннен кейін 18 ұшақ және тікұшақпен ауған ұшқыштары Тәжікстанға қашып келген. Тәліптер тәжік билігінен ұшақтарды қайтарыңдар деп бірнеше рет талап қойған.

АҚШ елшісі Джон Марк Поммершайм 10 мамырда баспасөз мәслихатын өткізіп, Америка бұл техникаларды «Талибан» қозғалысына бермейді деп мәлімдеді.

Мамыр айының басында Өзбекстан билігі де әуетехникаларын тәліптерге қайтару жоспарында жоқ екенін жеткізген. Себебі, бұл техникаларды кезінде Америка сыйға тартқанын айтқан.

Қаңтар айында тәліптер Тәжікстан мен Өзбекстан үкіметінен 40 тікұшақты қайтаруды талап еткен.

Былтыр тамыз айында «Талибан» қозғалысы Ашраф Ғани үкіметін құлатқан соң, ауған ұшқыштары ұшақтармен Тәжікстан мен Өзбекстанға қашып кеткен. Бүгінде олар үшінші мемлекетке ұшып кеткен. Әрі қарай олар АҚШ-қа кетіп, босқын мәртебесін алады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM