Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ, Франция және Британия Ресейді «Ядролық риторикадан» бас тартуға шақырды

KAZAKBOL.COM

АҚШ, Франция және Британия сыртқы істер министрлері «Ядролық қаруды таратпау жөніндегі» келісімге берік екенін мәлімдеп, Ресейді де «қауіпті ядролық риторикадан» бас тартып, атом соғысын ашпауға шақырды.

1 тамызда Ядролық қаруды таратпау жөнінде келісімге келген мемлекеттер Нью-Йоркте X конференцияда бас қосқан. Онда сөз сөйлеген БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш «ядролық қауіп қырғи қабақ соғысынан бері» болмап еді деді.

АҚШ президенті Джо Байден болса Ресей мен Қытайды ядролық қаруға шектеу қоятынын ашық мәлімдеуі тиіс деді.

Конференцияда онлайн сөз алған Ресей президенті Владимир Путин Кремль ядролық келісім шарттарын орындайтынын, ядролық соғыста жеңіс болмайтынын жеткізді.

Украинаға соғыс ашқаннан кейін Путин ядролық қаруды қолдануы мүмкін екенін меңзеген.

Конференция бес жылда бір рет өтіп тұрады. Оныншы кездесу 2020 жылдың мамыр айында өтуі тиіс болған. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілген.

«Ядролық қаруды таратпау жөніндегі» келісімге 1968 жылы қол қойылған. Бұл АҚШ, Британия, Қытай, Ресей және Францияның ядролық арсеналын заңдастырды. Қазір бұл келісімге 190 ел қол қойған. Израиль, Үндістан және Пәкістан бұл келісімге кірмейді. 2003 жылдың қаңтар айында Солтүстік Корея келісімнен шыққан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM