Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ Конгресінің төменгі палатасы Ресей активтерін Украинаға көмек ретінде жұмсауға жол ашатын заң жобасын мақұлдады

KAZAKBOL.COM

Заң жобасы Ресейдің 2 миллион доллардан асатын активтерін қамтымақ. Оның ішінде Ресейдің энергетика компанияларының мүлкі мен Ресей билігімен әріптестік арқасында алынған активтер де бар. Бұл жөнінде «Америка дауысы» хабарлайды.

Тәркіленген актив сатылып, түскен ақша Украина инфрақұрылымын қалыпқа келтіруге, гуманитарлық және әскери көмекке, өзге елдерде жүрген украиналық босқындарды қолдауға жұмсалуы мүмкін.

Осының алдында Украинаның әділет министрі Денис Малюська Киев Батыс елдерінде Ресейдің бұғатталған активтерін әскери әрекеттен зардап шеккен инфрақұрылымдарды қалпына келтіруге пайдалануға ниетті екенін айтқан. Ол үшін арнайы заң қабылдануы қажет екенін жеткізген.

Ресей Украинаға басып кіргеннен бері, АҚШ және өзге де Батыс елдері Ресейдің 640 млрд долларға жуық активін бұғаттаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM