Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ Конгрессінде Тәжікстандағы ауған ұшқыштарының мәселесі көтерілді

KAZAKBOL.COM

АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин Тәжікстаннан үшінші елге кетуді тосып жүрген ауған ұшқыштарының жағдайына алаңдайтынын жеткізді.

Бұл ұшқыштардың арасында аяғы ауыр әйел де бар екен.

Ауғанстанды «Талибан» қозғалысы басып алғаннан кейін, 143 ауған ұшқышы Тәжікстанға қашып келген. Оларды бастапқыда мемлекеттік университеттің жатақханасына орналастырған. Қазір таулы аймақтағы демалыс орындарының бірінде жатыр.

Өткен аптада Reuters агенттігі ұшқыштардың бірінің сөзіне сілтеме жасап, ұшқыштар болашақтарына алаңдайды деп хабарлаған.

Конгресс депутаты, Республикашылдар партиясының мүшесі Остин Скотт «Тәжікстанда ұшқыштардың арасында тоғызыншы айға жүкті әйел бар. Біз оларды Тәжікстаннан шығарып алуға көмектесуіміз керек», — деген.

Депутаттың көтерген мәселесіне Пентагон басшысы Ллойд Остин бұл мәселені мемлекеттік департаментке қоятынын жеткізді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM