Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ конгрессмендері Тәжікстан президентін Озоди радиосына қысым көрсетуді тоқтатуға шақырды

KAZAKBOL.COM

АҚШ Конгрессінің сегіз ықпалды мүшесі Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның атына хат жолдап, Азат Еуропа/Азаттық радиосының тәжік қызметінің (Озоди радиосы) журналистеріне және олардың отбасы мүшелеріне қарсы қысым мен қорқытып-үркітуді тоқтатуға шақырды.

«Біз Азат Еуропа/Азаттық радиосын қаржыландыратын АҚШ Конгрессінің мүшелері Озоди радиосының қызметкерлеріне шабуыл жасау және олардың кәсібіне жасанды түрде тосқауылдар болып жатқанына алаңдаушылық білдіреміз. Бұл АҚШ пен Тәжікстан арасындағы келісімдер үшін кері нәтижесін беруі мүмкін», — деп жазылған конгрессмендердің хатында.

Былтыр сәуірде Конгресс мүшелері — демократ Адам Б. Шифф (Adam B. Schiff) пен республикашыл Стив Шабо (Steve Chabot) да тәжік билігін Озоди радиосының қызметіне кедергі келтіруді тоқтатуға шақырған.

Тәжікстанның қауіпсіздік органдарының қызметкерлері Озоди радиосының журналистеріне қызметінен бас тартып, болмаса ауыр салдары болатынын ескертіп келеді. Сонымен бірге оларға үнемі қорқыту-үркіту тактикасын қолданып келеді.

Қазір Озоди журналистерінің көбіне аккредитация үш айлық мерзімге беріледі.

Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі 2019 жылдың сәуір айынан бері жергілікті студенттердің Озоди радиосының Душанбедегі кеңсесіне тәжірибеден өтуге рұқсат бермей келеді.

Хаттың соңында АҚШ Конгрессінің мүшелері тәжік президентін Озоди радиосы өлкеде еш кедергісіз жұмыс істеуге жағдай жасап, барлық журналистерге аккредитация беруді талап етті.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM