Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ мемлекеттік департаменті Өзбекстандағы сайлау жөнінде мәлімдеме таратты

KAZAKBOL.COM

АҚШ мемлекеттік департаменті Өзбекстанда жексенбіде өткен президент сайлауы жөнінде мәлімдеме жариялады.

Құжатта АҚШ «Өзбекстан халқының 24 қазандағы президент сайлауында дауыс беру құқығын жүзеге асырғанын қолдайды» делінген.

Мемлекеттік департамент ЕҚЫҰ адам құқықтары және демократиялық институттар жөніндегі бюро миссиясының бақылаушылары жасаған қорытындымен келісті. Бақылаушылар адам көп жиналған сайлау бейбіт өтті деген. Дей тұрғанмен, АҚШ ЕҚЫҰ миссиясының бірқатар мәселелер бойынша «алаңдағанымен» келіседі, делінген мәлімдемеде.

Мемлекеттік департмент Өзбекстан үкіметінің ЕҚЫҰ бақылаушыларымен әріптес болғанын құптап, олардың сайлауларға қатысты кеңестерін жүзеге асыруға үндеді.

2019 жылғы парламент сайлауынан соң ЕҚЫҰ Өзбекстан билігіне 32 кеңес берген. Өзбекстан соның 18-ін қабылдап, үшеуін жартылай қабылдап, сегіз кеңесті әлі қарастырып жатқанын мәлімдеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM