Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ: Орталық Азиядағы өзгерістер жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

KAZAKBOL.COM

Орталық Азия елдерінде биліктің ауысуы және бес мемлекет арасында өзара байланыстың нығаюы Вашингтонның Орталық Азия аймағымен қарым-қатынасты тереңдетуге көбірек мүмкіндік ашады деп мәлімдеді АҚШ билігі.

АҚШ Орталық Азияда соңғы бес жылда болған жаңа өзгерістерді ескере отырып, өзінің аймақтық стратегиясын жаңартты деді АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша көмекшісінің орынбасары Элис Уэллс 5 ақпанда.

«Біз жаңа мүмкіндіктер кезеңіне куә болып отырмыз» деді Элис Уэллс. Майк Помпеоның аймаққа сапарынан кейін Уэллс осындай мәлімдеме жасады.

Президент Дональд Трамп әкімшілігі Еуропа мен Азияны жалғап тұрған шикізат ресурсына бай Орталық Азия аймағында Қытай және Ресеймен қатар өз ықпалын арттыру жолын іздеп жатыр. Бұған қоса АҚШ көрші Ауғанстанда жиырма жылға жуық созылған соғысты аяқтауға күш салып жатқандықтан Орталық Азиямен қарым-қатынас орнатуға мүдделі.

Орталық Азияның бес мемлекет басшылары 2018 жылы соңғы он жылда тұңғыш рет өзара жиналып, ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылаған. Былтыр да бұл кездесу жалғасын тапты. Уэллс бұл бастаманы маңызды деп санайды.

«Біз аймақтық даралыққа қатысты тың көзқарастың пайда болғанына куә болып отырмыз» деді ол.

Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Орталық және Оңтүстік Азия істері жөніндегі өкілі Лиза Кертистің айтуынша, мұндай аймақаралық әріптестік «бес жыл бұрын мүмкін емес еді» дейді.

АҚШ билігі Орталық Азия аймағында біріккен электр желісі сияқты аймақтық әріптестікті нығайтуға ықпал ететін ортақ жобаларды қолдайтынын білдірді. Бұған қоса, бес мемлекет арасындағы ортақ виза, кедендік процедуралар, шекара байланысын дамыту, бизнестегі кедергілерді жоятын жобаларды да қолдайтынын жеткізді.

Олар Тәжікстан мен Қырғызстаннан су электр энергиясын Ауғанстан мен Пәкістанға экспорттау жоспарының жүзеге асатынына үміт білдірді. АҚШ тарабының ойынша, бұл аймақ экономикасына серпін беріп, Ауғанстандағы тұрақтылықты дамытуға көмектеседі.

Вашингтон бұрынғыша Орталық Азияға қатысты негізгі ұстанымын өзгертпейді — АҚШ аймақтағы тұрақтылықтың сақталуы мен бір билікке тәуелді болмауды қолдайды деді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM