Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ: Сот 2017 жылы Нью-Йорктегі терактіге Өзбекстан тумасын кінәлі деп таныды

KAZAKBOL.COM

26 қаңтарда АҚШ федерациялық сотының алқа мүшелері 2017 жылы Нью-Йоркте велосипед жүретін жолда бір топ адамды жүк көлігімен қағып өтті деп айыпталған Өзбекстанда туып-өскен Сайфулло Саиповті кінәлі деп тапты.

Шабуылдың салдарынан сегіз адам қаза болып, 12 адам зардап шеккен.

АҚШ-қа 2010 жылы қоныс аударған 34 жастағы Сайфулло Саипов 28 эпизод бойынша (арасында адам өлтіру, «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына материалдық көмек беру де бар) кінәлі деп танылды.

CNN хабарына қарағанда, соңғы сөзінде айыпталушының адвокаты Дэвид Пэттон «қорғау тарабында Саиповтің көшедегі адамдарды қағып өткеніне дау жоқ, алайда ол мұны жұртты ИМ-ге тарту үшін істеді деген прокуратура тұжырымына келіспейміз» деген.

Reuters-тің жазуынша, сот алқасы 6 ақпанда оған өлім жазасын қолдану-қолданбау мәселесін шешпек. Өлім жазасына қарсы Джо Байден әкімшілігі тұсында жазаның мұндай түрі алғаш рет федерация деңгейінде қолданылуы мүмкін.

2017 жылғы 31 қазанда Нью-Йоркте болған шабуылдың салдарынан алты шетел азаматы және АҚШ-тың екі азаматы қаза болған. Бұған дейін Саипов істегеніне өкінбейтінін және «неғұрлым көбірек адамды» өлтіргісі келетінін айтқан.

Саипов ұсталғаннан кейін шабуыл жасауға ИМ-нің бейнероликтері түрткі болғанын айтқан. ИМ-нің өзі шабуылды мойнына алған. Саиповтің адвокаттары соттан Нью-Йорк прокуратурасын сотталушыға өлім жазасын беруге ықпал ету мүмкіндігінен айыруды сұраған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM