Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ Тәжікстанның жағдайы төмен отбасыларына 13 млн доллар бөледі

KAZAKBOL.COM

АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID), БҰҰ-ның Азық-түлік бағдарламасы және ЮНИСЕФ (БҰҰ-ның балалар қоры) Тәжікстандағы жағдайы төмен отбасыларды қолдау үшін 13 млн доллар бөледі. Бұл туралы АҚШ-тың Душанбедегі елшілігі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, 200 мыңға жуық адам қайтарымсыз ақшалай көмек алады.

БҰҰ-ның Азық-түлік бағдарламасының Тәжікстандағы өкілі Адхам Мусаллам ел халқы кедейшіліктен зардап шегіп жатқанын атап өтті.

«Осыған байланысты біз үшін Тәжікстандағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрақтылықты кеңейту істерін жалғастыру өте маңызды», — деді Мусаллам.

АҚШ елшілігінің сайтындағы ақпаратқа сәйкес, ЮНИСЕФ балалардың жеткіліксіз тамақтануының алдын алу және балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамсыз ету қызметін көрсетеді. Бұдан бөлек бес жасқа дейінгі 270 мың баланың, 240 мың аяғы ауыр және емізулі баласы бар әйелдерді дұрыс тамақтандыру бойынша және техникалық жағынан көмек көрсетеді.

Елшілік БҰҰ-ның Азық-түлік бағдарламасы жариялаған азық-түлік қауіпсіздігі бойынша баяндамаға сілтеме жасап, Украинадағы соғысқа байланысты Ресейден ақша аудару азайып, азық-түлік бағасы қымбаттап, 800 мыңға жуық адамға азық-түлік жетіспеушілігі орын алуы мүмкін екенін ескертеді.

Халықаралық ұйымдар Тәжікстан халқыны көмек бөлініп келе жатқанын айтып келеді. Бірақ жергілікті тұрғындар ол көмектің өздеріне жетпей жатқанына наразы.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM