Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ Украинаға $40 млрд қосымша көмек береді

KAZAKBOL.COM

АҚШ Конгрессінің Сенаты Украинаға 40 млрн доллар көлемінде қосымша көмек беру туралы заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы Америка дауысы хабарлады.

Қаражат Украина мен көрші елдерге әскери көмек беру ісі мен қару-жарақ жеткізуге жұмсалады.

Миллиардтаған доллар экономикалық және гуманитарлық көмек ретінде бөлінеді. Жанжалдан кейін туындаған ғаламдық азық-түлік дағдарысы мәселелерін шешуге ақша қарастырылған, деп жазды басылым.

Сенат 13 мамырда бұл құжатты қабылдай алмады, өйткені оған республикашыл Рэнд Пол бөгет жасаған. Саясаткер заң жобасына жұмсалатын ақша аудит жүргізетін федералдық инспектор шығынын есептеп қосуды талап еткен.

Шамамен 40 млрд доллар бөлу жөніндегі заң жобасын 10 мамырда Конгресстің төменгі палатасы қабылдаған. АҚШ президенті Джо Байден Конгресстен Украинаға 33 млрд доллар бөлуін сұраған, бірақ конгрессмендер қаражатты көбейту керек деп шешті.

Заң жобасына Джо Байден қол қояды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM