Құрама Штаттар Соединенные Штаты тамыздың соңында коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасының 500 миллион дозасын табысы аз 100 елге жолдайды. АҚШ президенті Джо Байден 3 тамызда осылай деп мәлімдеді.
Байденнің айтуынша, АҚШ әлемнің 65 еліне 110 миллионнан астам доза жолдаған.
Құрама Штаттар жаз бойы вакцинаның ондаған миллион дозасын тегін таратып жатыр. 500 миллион доза да тегін беріледі, деді Байден. «Біз бұны адам өмірін құтқару үшін жасаймыз», — деп мәлімдеді АҚШ президенті.
АҚШ-тан вакцина алған елдер арасында Ауғанстан (3,3 миллион доза), Пәкістан (5,5 миллион), Өзбекстан (3 миллион), Украина (2 миллион доза) бар. Құрама Штаттар препараттарды дамушы елдерге негізінен COVAX бағдарламасы аясында жолдады.
KAZAKBOL.COM