Ақтөбе облысының құтқарушылары түн ішінде жолда бұзылып қалған автобустан 63 адамды эвакуацияланған. Бұл ақпаратты Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«2023 жылғы 12 наурызда Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментіне Қарабұтақ – Қостанай тасжолының Әйтеке би ауданы тұсында автобус бұзылып тұрып қалғаны туралы ақпарат түсті. Құтқарушылар мен техника жіберілді» деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Өзбекстан азаматтары Әйтеке би ауданындағы мектепке орналастырылған.
Наурыздың басында Ақтөбе облысында қарға тұрып қалған автобустан Өзбекстанның 106 азаматы құтқарылған еді.
Биыл осы өңірде боранда қалған екі автобустан Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары эвакуацияланған. Олар жалпы білім беретін орта мектеп пен мешітке орналастырылған. Кейін Өзбекстан көлік министрлігі жолаушылар қайтадан жолға шыққанын хабарлады.
KAZAKBOL.COM