Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ақтөбеде жедел жәрдем бекетінің жүргізушілері мен санитарлары жалақысын арттыруды талап етті

KAZAKBOL.COM

15 ақпан күні Ақтөбедегі облыстық жедел жәрдем бекетінің 50 шақты жүргізушісі мен санитары жалақысының аздығына наразылық білдірді.

– Мен жедел жәрдем көлігін 16 жыл бойы жүргіземін. Осы аралықта дәрігерлер мен фельдшерлердің жалақысы бірнеше рет өсті. Көлік жүргізушілерінің ғана жалақысы өзгерген жоқ. Бізге жалақы сағат санына қарай төленеді. Бір айда сегіз ауысым болса, келесі айда жетеу болуы мүмкін. Сондықтан кейде 82 мың, кейде 76 мың алып жүрміз. Ешқашан жүз мың теңге жалақы алып көргеніміз жоқ, – дейді Бауыржан Исмаилов.

Қаңтар айында алты рет кезекшілікке шығып, 77 мың теңге жалақы алған санитар Анатолий Правда «жедел жәрдемдегі лас жұмыстың бәрін істейтін біз» дейді.

–Мен 20 жылдай жұмыс істеп келемін. Ұлым 11-сыныпты аяқтап жатыр, бұл жалақымен оны қалай оқытарымды білмеймін, – дейді Правда.

Көлік жүргізушілері мен санитарлар жалақының аздығы жөнінде бекет басшыларына бірнеше рет шағымданғаны айтады. Соңғы рет бұл мәселе бүгін, 15 ақпан күні өткен жиналыста көтерілген.

– Бұл – жүздеген адамның проблемасы. Бірақ оған осы кезге дейін ешкім назар аудармай отыр. Бастықтар «біздің қолымызда ештеңе жоқ, астанаға (Нұр-Сұлтан – ред.) хат жібердік, әкімдікке хат жолдадық» деп алдарқатумен келеді. Еңбек өтілін де ешкім ескермейді, – дейді көлік жүргізушісі Алтай Аманжолов.

Ақтөбе облыстық жедел жәрдем бекетінің бас дәрігері Марат Жанқұлов 1 қаңтардан бастап жедел жәрдем дәрігерлері мен фельдшерлерінің жалақысы 30 пайызға артқанын, олармен бір бригадада жұмыс істейтін көлік жүргізушілері мен санитарлардың жалақасын арттыру үшін «қолдан келгенді істеп жатқанын» айтады.

– Жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысы Ақтөбе ғана аз емес, күллі Қазақстандағы жағдай осындай. Қолдан келгенді істеп жатырмыз. Екі апта бұрын Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына, одан бұрын денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің «Сенім» салалық кәсіподағына хат жолдадық. Жауабын күтіп отырмыз, – дейді Марат Жанқұлов.

Жедел жәрдем бекетіндегі еңбек дауынан денсаулық сақтау басқармасы да хабардар. Басқарма басшысы Рүстем Исаевтың айтуынша, Ақтөбедегі жедел жәрдем бекетін 2018 жылы мемлекеттік-жеке әріптестікпен түріктің Hemogens Health Care компаниясы салған.

– Ақтөбедегі жедел жәрдем жекенің қолында. Жеке компаниядағы еңбек дауына денсаулық сақтау басқармасы араласа алмайды. Әйтсе де біз инвесторларға жүргізушілер мен санитарлар жалақысын көтеру туралы ұсыныс жолдаймыз, – дейді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Рүстем Исаев.

Қазір облыстағы жедел қызметі бекетін Hemogens Health компаниясына тиесілі «Первая помощь» ЖШС басқарады. Азаттық серіктестік жетекшісі Бақытжан Тұрметовке хабарласты. Ол облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеп, жауап беруден бас тартты.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM