АҚШ егер Ресей 60 күн ішінде келісім шарттарын орындамаса, Қырғи-қабақ соғыс кезінде қол қойылған келісім-шарттан бас тартатынын мәлімдеді.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео аталған мәлімдемені 4 желтоқсанда Брюссельде өтіп жатқан НАТО саммитіне қатысушылар АҚШ-тың Мәскеуге тағылған айыпты қолдағаннан кейін жариялады. Оның сөзінше, Мәскеу 1987 жылы қабылданған зымыранға қатысты келісім- шарттарын бұзып отыр.
«Біз Ресей бағытын өзгертеді деп үміттенеміз, бірақ әзірге олардың өзгеруге деген ниетін көріп отырған жоқпыз»,- дейді Помпео.
НАТО Ресей 9М729 зымыран жүйесін жасап шығарды деп есептейді.
Ресейдің СІМ өкілі Мария Захарова Мәскеу құжат талаптарын орындап келеді дейді.
4-5 желтоқсанда Солтүстікатлантикалық одақтың штаб-пәтерінде НАТО-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері мен Украина және Грузияның бас дипломаттары кездеседі. Күн тәртібінде Керчь бұғазындағы Ресейдің агрессиясы мен Азов пен Қара теңізге әскер орнатуы мәселесі қаралады.
KAZAKBOL.COM