Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ-қа он жылға дейін виза алу мүмкіндігі пайда болды

KAZAKBOL.COM

АҚШ. Фото: Sputnik / Павел Быков

Қазақстан мен АҚШ арасында маңызды санаттар бойынша виза беру мерзімі екі есе ұзартылды деп хабарлады Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовқа сілтеме жасап Sputnik Қазақстан.

«Біз жапон азаматтарының Қазақстанға, қазақстандықтардың Жапонияға визасыз қатынауы туралы келісімге қол жеткіздік. Жыл соңында АҚШ-пен виза мерзімін он жылға ұзарту туралы келісім жасастық. Бұдан бұрын виза 5 жылға берілетін. Қазіргі уақытта америкалық және қазақстандық визалардың ең маңызды санаттар бойынша, яғни туристік және дипломатиялық түрлері осындай ұзақ мерзімге беріледі. Әлбетте, бұл екі елдің азаматтары үшін өте қолайлы болмақ», — деп хабарлады Ыдырысов орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Оның сөзіне сүйенсек, қазіргі уақытта Қазақстанға 19 елдің азаматтары визасыз келе алады, ал 2017 жылы 1 қаңтардан бастап бұл көрсеткіш 45-ке жетеді. Бұл мемлекеттердің арасында ОЭСР мүше елдері, БАЭ, Малайзия, Сингапур және Монако княздығы бар. Бұл елдің азаматтары Қазақстанды 30 күн визасыз аралай алады.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM