Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ азаматы түйені көрген сайын Қазақстанда тұратынына таңырқайтынын айтты

KAZAKBOL.COM
Фото: esquire.kz

АҚШ азаматы Ричард Каслберри Назарбаев университетінде ұстаздық етеді. Шетел азаматы Қазақстанның жақсы және жаман тұстарын esquire.kz басылымына тізбектеді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

«Астанада тұрғаныма төрт жылдай болды… Астананы жақсы көремін. Егер сіздің теріңіз суық пен желді көтере алатындай қалың болса, Астананың керемет тұстарын байқайтын боласыз. Астананы Қазақстанның жүрегі деп атауға болады», — дейді Ричард.

Бұдан бөлек шетел азаматы Атырау, Ақтау және Шымкент қалаларын ұнатады екен.

«Қазақстанда тұрсаң, кімді білетінің өте маңызды. Мұнда бәрін байланыстар шешеді… Қазақстан және өзге де посткеңестік елдерде бюрократия мәселесі әлі де шешімін таппаған. Бұдан талай талпынысы жоғары жігіттер зардап шегуі мүмкін. Себебі, ол тиімді жұмыс істеудің орнына қағаздарға қол қойдырумен уақытын өткізеді», — деп еліміздің кемшін тұстарын тізбектеді шетелдік.

Ричард Қазақстанда өзін рок-жұлдыз сезінетінін жасырмайды.

«Мен өзімді жиі рок-жұлдыз секілді сезінемін. Маған келіп, шетелдік болғаным үшін ғана фотоға түскісі келетіндер көп. Бұл мен үшін қызық болып көрінеді… Қазақстан халқы өте кеңпейіл. Астанада түк жоқ дейтіндерді түсінбеймін. «Астана Операға» барып тұрудың өзі бір төбе емес пе?», — деп Ричард еліміздің өзіне ұнайтын жақтарын сөз етті.

АҚШ азаматы түйені көрген сайын Қазақстанда тұратынына таңырқайды екен.

«Мұнда тұрғаныма төрт жыл болса да, түйені көрген сайын Қазақстанда тұрып, жұмыс істейтініме таң боламын. Жақсы мағынада айтып отырмын. Өмір сені қай жаққа апаруы мүмкін екенін ешкім білмейді. Бұл керемет», — деп сөзін түйді Ричард.

Esquire.kz басылымының материалынан аударылды.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM