Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ Иерусалимде елшілігін ашады

KAZAKBOL.COM

АҚШ 14 мамыр күні Израильдегі елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге ресми түрде көшіреді. Елшілікті көшіру туралы шешімді Израильде қуана қабылдағанымен, палестиналықтар, АҚШ одақтастары мен басқа көптеген ел оған наразы болған.

Ақ үй делегациясы мен Израиль ресми өкілдері елшіліктің ашылуына түстен кейін бармақ. Бұл уақытта Газа секторының Израильмен шекарасы бойында палестиналықтар наразылық акцияларын өткізеді деген болжам бар.

АҚШ президенті Дональд Трамп былтыр Вашингтон екіге бөлінген Иерусалимді Израиль астанасы деп танитынын және АҚШ елшілігін Тель-Авивтен осы қалаға көшіретінін жариялаған. Бұл шешім Вашингтоннның Палестина-Израиль проблемасына қатысты саясатын өзгерте бастағанын білдірген.

Палестиналықтар Шығыс Иерусалимнің өздерінің болашақ мемлекетінің астанасы болғанын қалайды. Израиль Шығыс Иерусалимді басып алып, қаланы өзінің астанасы деп жариялаған. Халықаралық қауымдастық Тель-Авивтің бұл әрекетін құптамайды.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM