Порошенко мен Трамп. Фото: www.unian.net
АҚШ Сенаты Украинаға 500 миллион доллар қаржы бөлуге байланысты заң жобасын мақұлдады деп хабарлайды QazaqTimes.kz.
Бұл жайында Украина президенті Петр Порошенко өзінің Facebook парақшасында жазған.
«АҚШ Сенаты дәл қазір 2018 жылы Украина қорғаныс саласына 500 миллион доллар қаржы бөлуге байланысты заң жобасын мақұлдады», — дейді ол.
Бұдан бөлек АҚШ Сенаты Пентагонға 2018 жылы бөлінетін қаржы көлемін 73 млрд долларға арттырған. Атап айтқанда 2017 жылы АҚШ әскери шығындарына 619 млрд доллар қаржы бөлген.
Ал биыл бұл қаржы 692 млрд долларға дейін ұлғайтылған.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ресей президенті Путин Украинаға қару тасыған АҚШ-қа ескерту жасаған болатын.
KAZAKBOL.COM