Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ: Ресей Сирияда не Украинада «тиімділігін» дәлелдей алмады

KAZAKBOL.COM

АҚШ президенті Дональд Трамптың Мәскеумен қарым-қатынасты жақсартуға ұмтылған әрекетіне қарамастан, Ресей Украина және Сирия мәселесінде өзінің «пайдалылығын» дәлелдей алмады. Осылай деп АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео NBC телеканалына берген сұқбатында мәлімдеді.

«Президент екіжақты қарым-қатынасты жақсартуға тырысты, бірақ біз қазіргі кезде ондай жетістікке жете алмадық», – деп мойындады мемлекеттік хатшы.

Ол АҚШ пен Ресейдің кейбір мәселелер бойынша мүдделері сәйкес келгенімен, екі елдің құндылықтары мүлдем бөлек деп атап өтті.

Америкалық бас дипломаттың мәлімдемесі мемдепартамент санкциялық тізімге 33 ресейлік жеке және заңды тұлғаны енгізгеннен кейін, Қытайға Ресейден Су-35 ұшағы мен С-400 зенит-зымыран кешенін сатып алғаны үшін санкция енгізгеннен кейін шықты.

«Қара тізімге» енген ресейліктердің денінің арнайы қызметпен байланысы бар делінеді. Олардың ішінде барлау қызметінің офицерлері мен «Интернет-зерттеу агенттігінің» мүшелері бар. Сонымен бірге «Оборонлогистика» мен Комсомольск -на-Амуре қаласындағы ұшақ шығаратын зауыт басшылары да санкциялық тізімге кірген.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM