Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ Ресеймен текетіресте Түркияны қолдайтынын айтты

KAZAKBOL.COM

АҚШ «Ресейдің аймақтағы арандатушылық әрекеттеріне» қарсы тұруда Түркия мен НАТО бойынша одақтастарына қолдау көрсетеді.

Бұл туралы «Вести.ru» дерегіне сілтеме жасап ras.kz хабарлады.

Осыны жеткізген Ақ үйдің ресми өкілі Джош Эрнест Анкара мен Мәскеудің арасы былтыр күзде Түркия кеңістігіне кіріп кеткен Ресей ұшағы атып түсірілгеннен кейін бұзылғанын еске салды.

«АҚШ олардың арасындағы егестің қарқынын басуға шақырғанымен, Ресейдің аймақтағы арандатушылық әрекеттері кезінде Түркия мен НАТО-дағы әріптестеріне иығын төсейтін болады», – деді ол.

Ресей сыртқы істер министрі жұма күні Түркияның өз әскерлерін Сирияның солтүстігіне кіргізу жөніндегі жоспарын жариялауына байланысты сирия-түрік шекарасындағы жағдайдың ушыға түскенін мәлімдеді.

Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Ресей деоегациясының БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне «Сирияның егемендігі мен территориясының тұтастығына нұқсан келтіретін және БҰҰ ҚК-нің 2254-қарарына қайшы келетін, сондай-ақ Сириядағы бейбіт процесті бұзуға күш салатын кез-келген әрекетті тоқтату» жөніндегі қарардың жобасын ұсынуға ниетті болып отырғанын жеткізді.


KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM