Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ-тағы Қытай елшілігінің алдында азиялық ер адам өзін-өзі атып жіберді

KAZAKBOL.COM

ос-Анджелес Қытай бас елшілігі алдында ату оқиғасы туылды. Фото: South China Morning Post.

АҚШ-тың жергілікті уақытымен 1 тамыз күні таңғы сағат алты шамасында бір азиялық ер адам Қытайдың Лос-Анджелесте орналасқан бас елшілігінде оқ атқан. Ол құралынан 18 рет оқ атып, соңында өзін-өзі өлтірген. Бұл туралы Қытайдың «Шинлаң» агенттігінің сайты жазды.

Лос-Аджелестің полиция қызметі оқ ату оқиғасынан басқа адамдардың зардап шекпегенін, елшілік алдындағы жолдар жабылып, полицейлер бақылауды күшейткенін, елшіліктің қалыпты жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді.

Бірақ, қазірге дейін оқ атушының мақсаты мен оқ шығару себебі анық емес. Полиция қызметкерлері тексеру-тергеу қызметтерін бастап кеткен.

Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, оқ атушы 60 жастан асқан, азиялық ер адам. Алайда, оның аты-жөні әлі де жария етілмеді.

Бірақ, Лос-Анджелес полициясы департаменті өкілі Майк болса: «Оқ атушы қытайлық хань ұлтының азаматы, біз қазір оның өз-өзін елшілік алдында не себепті оққа ұстағанын анықтаудамыз», — деген.

QazaqTimes.kz

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM