Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ-ты көрген қазақ баласы Қазақстаннан саналы түрде бас тартты

KAZAKBOL.COM

АҚШ-қа біржола көшуге бел буған қазақстандық студент Темір Хан Қазақстанда өмір сүру уақытты бекерге өткізу дегенге сенімді. Бұл туралы ол әлеуметтік желілердегі жеке парақшасында бөліскен.

Студент Қазақстан туралы «ащы шындықты» жасырмай жайып салған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде білім алған жігіт 1-нші курстан-ақ АҚШ-тың түрлі жобалары мен бағдарламаларына қатысқан.

Жігіт АҚШ-пен салыстырғанда төмен жалақыларға қарамастан өз Отанында оның гүлденуіне атсалысу үшін жұмыс істеу қажет деген пікірде болған.

Елдегі білім беру жүйесіне студенттің көңілі толмаса да, шетелге жастар неге көптеп кетіп жатыр деген ой мазалаған. Бірақ жиған-тергенін «жеп қойған» девальвация, 65 мың теңге жалақы мен — қызметтегі әделетсіздік, мансап жолындағы таныс-тамыр — «қазақи менеджемнет» өз дегенін жасаған. Бәрінен көңілі қалған жігіт қызметінен шығып, Алматыға қайтпақ болады. Отандық пойыздардағы қызмет, лас төсек-орын, тағы басқасы студентті шетелге аттану қажет деген ойға итермелейді.

Сөйтіп әке-шешесімен сөйлесіп, барлық құжаттарды реттеп, Нью-Йойркке оқуға аттанады.

«Бір өкінетінім — арада осынша уақыт өткеннен кейін ғана АҚШ-та қалып, ел болашағы емес, өз болашағымды ертерек ойламағаным. 18 жасымда Нью-Йоркте алғаш болған кезде соны бастауым керек еді», — дейді Темір Хан.

Жігіт ҚазҰУ-да босқа жіберген уақыты мен ата-анасының қаражатына өкінеді. Тіпті өзін шетелге кетуіне себеп болған оқытушыларына риза екенін жасырмайды.

АҚШ-та жаңадан оқи бастаған жігіт туған университетіндегі оқуның еш маңызы болмағанын түсінеді.

Темір жазба соңында Қазақстанда әлі оқып жүрген жастарға өз өмірі мен болашағы туралы ойлауға кеңес береді.

«Өз ата-аналарыңыздан басқа ешкімге керек емессіз. Ал өкіметке керексіз бе?! Ата-аналарыңыздан зейнетақы қоры туралы сұраңыз да қорытынды жасай беріңіз», — дейді ол.

«Кеш болмай тұрып, барлық күмәндарыңызды артқа тастап, өзіңізге бақуатты болашақ қамтамасыз ете алатын өмірді бастаңыз. Менің кеңесім осы», — деп аяқтады жазбасын студент.

Темір Ханның бұл посты Фейсбукте 6 000-нан астам лайк жинап, көпшіліктің қолдауына ие болғанын айта кету керек.

Nur.kz

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM