centralasian.org

KAZAKBOL.COM

Чехиядан Қазақстанға қылмыстық жауапқа тарту үшін Владимир Чаплинский есімді азамат экстрадицияланды деп хабарлады Қазақстан Бас прокуратурасы.

Чехия Әділет министрлігі Қазақстан бас прокуратурасының Чаплинскийді экстрадициялау туралы талабын қанағаттандырған.

«Күдікті 2007 жылы «Агат-7″ фирмасының директоры болып тұрған кезінде мемлекеттік мекемемен Балқашта мектеп салу туралы келісім жасасқан. Ол қызмет бабын пайдалана отырып, орындалған жұмыс актісінде жалған мәлімет көрсету арқылы 39 миллион теңгеден астам (114 мың доллардан астам) қаржы жымқырған» деп хабарланды бас прокуратураның ресми сайтында.

Ведомство ақпаратына қарағанда, Чаплинский қылмыстық қудалаудан бой тасалап, оған халықаралық іздеу жарияланған. Бас прокуратура Чаплинскийді қайтаруды жеті жыл талап еткен.

Владимир Чаплинский қазір Астанада тергеу абақтысында отыр.

centralasian.org

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, здесь напишите ваш комментарий!
Пожалуйста, здесь введите ваше имя