Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ақтөбе облысы билігі жүзден астам оқушының орамалын шешкізген

KAZAKBOL.COM

Ақтөбе облысының билігі «мектеп формасы талаптарын сақтауға» байланысты жүргізілген науқанның нәтижесі бойынша есеп берді.

Биліктің мәліметі бойынша, оқу жылының басында Ақтөбе облысында 340 оқушы қыз мектепке орамал тартып келіп жүрген. Үшінші тоқсаннан бастап орамал таққан оқушыларды мектепке кіргізбей қойғаннан кейін кей ата-аналар мектеп талабына келіскен.

«Қаңтар айы басталғалы бері облыста 123 оқушы қыз орамалын шешіп, мектеп формасын ұстануға келісім берді. Өз ұстанымын өзгертпей отырғандар да бар. Әлі де 217 оқушы мектеп формасын сақтамай отыр» деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Осының алдында бір топ ата-ана «мұғалімдер балаларымыздың конституциялық құқығына қол сұғып отыр» деп, сотқа шағым түсірген. Сот отырысы 22 қаңтарда өтеді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM