Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ақтөбе облысында 10-сыныптың оқушысы мектепте қайтыс болды

KAZAKBOL.COM

Марқұм орта мектептің 10 сыныбында оқыған.

Шалқар қаласында жоғары сынып оқушысы мектепте қайтыс болды, — деп хабарлайды  kerek-info.kz.

Марқұм қаладағы №8 орта мектептің 10 сыныбында оқыған.

Нақты деректерге қарағанда, аталған мектепте шара өтуге тиіс екен. Шара басталмай тұрып, аяқ киімін ауыстыру үшін арнайы бөлмеге кірген Жылқыбай Нағашыбайдың денсаулығы оқыстан нашарлап, талып қалған.

— Мектеп дәрігері алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырыпты. Алайда олар келгенше, баланың жүрегі тоқтап қалған секілді. Нақты себебін басқа органдар анықтап жатқан шығар, ол жағын білмедік, — дейді аудандық білім бөлімінің қызметкері.

Ол оқушының оқу үлгерімі де, тәртібі де өте жақсы болған екен. Тек тұйықтау болыпты. Жақында ғана ата-анасы ажырасып, Жылқыбай әкесінің қасында қалыпты. Ал анасы басқа балаларымен бөлек кеткен екен.

 

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM