Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ақтөбеде 13 жастағы өгей қызын анасы жоқ кезде зорлап келген азғын ұсталды

KAZAKBOL.COM

Көрнекі фото: U74.Ru

Ақтөбеде мектеп оқушысын өгей әкесі зорлап, қорлық көрсеткен. 6 класс оқушысы үйіне қайтқысы келмейтінін айтып, апайынан көмек сұраған. Анасы басқа қаладағы ауылына кеткенде өгей әкесі 13 жастағы қызға ойына келгенін жасайтыны белгілі болды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

«Бұл оқиғаны біз 3 мамыр күні естідік. Жағдайды мектеп қызметкерлері анықтады. Соңғы күндері баланың көңіл күйі болмай жүрген. Жетекшісі оқушымен сөйлескенде бала үйіне барғысы келмейтінін айтқан.

«Соңғы кездері папам ішімдікке салынып жүр, үйге барсам ұрысады» деген. Сынып жетекшісі жағдайды маған баяндады. Мен бірден учаскелік полицияны шақырдым. Көмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс бөлімінің инспекторлары келді.

Бала бірінші күні «әкем ішсе ұрады» дегеннен басқа ештеңе айтқан жоқ. Ол қорқып тұрғаннан кейін үйіне жібермей, сол күні апайының үйіне қонды», — дейді Сазды орта мектебінің директоры Марат Махамбетәлиев.

Полиция қызметкерлерін ертіп, мектеп директоры бала тұрған үйге де барған. Анасы үйінде болмапты. Қыздың шешесі мүгедек болып туылған екінші баласын Қызылордаға алып кеткен. Сол жақта құжаттарын реттегенше бірінші қызын өгей әкесімен қалдырады.

Кішкентай қызбен жалғыз қалған өгей әкесі оны ұрып, жыныстық қатынасқа тартқан.

«Біз алғашында балаға өгей әкенің қол кетергені туралы құжат жасап, қалалық білім бөліміне хабарладық. Кейін баламен мектеп психологы қайта сөйлескенде оқушы барлық жағдайды баяндап берді.

Яғни, ер адам балаға қол көтеріп қана қоймаған, жыныстық қатынасқа тартқан. Сол жерде бірден баламен жұмыс жасаған мектеп қызметкерлерін шақырдым. Полицияға хабар бердік.

Өгей әкесін тұрғылықты мекен-жайы бойынша іздеп барып, сол жерде қамауға алды. Біз барған кезде ер адам ішімдік ішіп алған», — дейді мектеп директоры.

Мектеп басшысы жасөспірімнің сабақ үлгерімі жақсы екенін айтты. Сыныпта үздік оқушы саналатын ол қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып келген.

Қазіргі уақытта зәбір көрген оқушы да, оның анасы да мектеп мұғалімінің үйіне қонып жүр.

Отбасы Ақтөбеге Қызылордадан көшіп келген. Әйел адам екінші күйеуімен азаматтық некеде тұрыпты.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу шаралары жүріп жатыр.

Оқушы қызға қатысты медициналық тексерулер жасалынды. Өгей әкесінің мектеп оқушысын жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені бірінші рет болмауы мүмкін.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM